Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздағы "Достық" алаңына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

ec-sport.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 18:17 ec-sport.kz
Бұл нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

Жамбыл облысының әкімдігі халықтың пікірін ескере отырып, қаладағы "Достық" алаңының атауын "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңы деп өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті нормативтік-құқықтық құжат Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында пайда болды.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тараз қаласының "Достық" алаңы "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңы деп қайта аталсын.

2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбековаға жүктелсін.

3. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А.Мырзахметов

Облыстық мәслихаттың сессиясының төрайымы Г.Тлеубердиева

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: