Жамбыл облысында төтенше оқиға орнында Жедел штаб құрылды

zakon.kz zakon.kz
Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Жедел штаб құрылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен брифингі кезінде айтқандай, Байзақ ауданындағы әскери бөлімінде өрт пен жарылыс болған жерде Жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Сенім телефоны .здіксіз қоңырау қабылдауға дайын.

Бірде-бір құрбан көмексіз және қолдаусыз қалмайды, - деді әкім.

Әсіресе осы жағдайға байланысты азаматтарды мазалайтын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін мына желілер қоңырау қабылдауға дайын:

- 109 телефон нөмірі;
- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар, 8(7262) 51-41-67, 8(7262) 51-37-75 телефон нөмірлері арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, жалпы алғанда 10 мектеп пен 5 колледж ғимараттарынан 400-ден астам орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиациялық бригада тартылған. Оның ішінде 1 бригада Тараз қаласындағы N5 мектепте кезекшілік етеді, Тараз политехникалық колледжінде 1 бригада, онда Байзақ ауданы, Базарбай ауылынан бұған дейін 226 адам эвакуацияланған болатын, - дейді әкімдіктегілер.

27 тамыз сағат 10.00 уақытындағы жағдай бойынша эвакуация орталықтарында жалпы 29 адам қалып отыр, оларға қажетті жағдай жасалып, таңғы ас берілді.

Жағдайға байланысты бүгін барлығы өз қалауларымен тұрғылықты мекен жайларына оралатын болады.

Травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқаларды қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқаруда. Олар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Барлығы 88 адамға медициналық көмек көрсетілсе, 27-тамыз 10.00 сағаттағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдауда, оның ішінде 6 адам орташа ауыр халде. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді ведомствадағылар.

Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз