ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2019 23:06 Хабар 24
Тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.

20 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862), деп хабарлайды Zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰБТ-2019 нәтижелерін:

- @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен;

- edu.mail.kz сайтынан;

- Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет

Биыл Министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады.

Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз,

- +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе

- @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.

Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз.

Туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: