Қазақстанда дәнді-бұршақты алқаптардың 49%-дан астамы жиналды
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 23 млн га құрады (бұл 2020 жылмен салыстырғанда 322 мың га артық), деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16,1 млн га (оның ішінде бидай – 12,9 млн га), майлы дақылдар-3,1 млн га, көкөніс және картоп – 473,8 мың га, мақта-109,7 мың га, қант қызылшасы –21,7 мың га, жемшөп дақылдары-3,2 млн га алқапта орналастырылды.
Биыл егін жинау науқаны уақтылы басталды және бүгінде республика бойынша барлығы 7,9 млн.га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 49,4% жиналды.
Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 8,0 ц құрап, 6,3 млн тонна астық бастырылды.
Егін жинау жұмыстары басталатын уақытқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлық қажетті техниканы дайындаған.
Жалпы, егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикада 141,7 мың трактор, 73,5 мың трактор тіркемесі, 36,9 мың астық жинайтын комбайн, 12,8 мың дестелегіш бар.
Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын мұнай өңдейтін зауыттарға(МӨЗ) бекіту кестесі бекітілді. Осы жылдың 2 қыркүйегіндегі жағдай бойынша кестеге сәйкес шілде-қазан айларына жоспарланған 396,5 мың тоннаның 173,4 мың тоннасы (44%) тиеп-жөнелтілді.
Энергетика министрлігі МӨЗ – мен 156 теңге/литр (189,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі, операторлардың жеткізуін ескере отырып, өңірлерде орташа баға 177 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 11%- ға арзан (ЖҚС-198 теңге/литр).
Республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн.тонна, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,0 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 16,8 млн тоннаны құрайды. Көрсетілген сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық көлемдерін ескере отырып, жаңа егінді сақтау үшін жеткілікті.