Әнші Тамара Асар босанды
әлеуметтік желіден алынды
Дүниеге кесте тігер - қыз бала келді.
Осы жазда сүйіншілеп, тұрмысқа шықты деген танымал әнші Тамара Асар қыз бала босанды.
Әнші Instagram-дағы парақшасына аяғы ауыр кезіндегі суретін жүктеп:
Өмірге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға, деп жазды.
Айта кетсек, Тамара Асар 1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында дүниеге келген. Қазақ эстрада әншісі, тележүргізуші, психология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Алдында тұрмыста болған. Күйеуі ерте дүниеден озған. Ұлы Қамбар қазір 19 жаста. Әншінің жазда тұрмысқа шыққанын әріптестері сүйіншілеп, желіде бөліскен. Өнер иесінің қосағы кәсіпкер көрінеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript