Боранкөл кенішінде жатақханадағы өрттен кемінде екі адам қаза болды

Manas Kaiyrtaiuly (RFE/RL) Manas Kaiyrtaiuly (RFE/RL)
Боранкөл кеніші Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Құлсары темір жолы станциясының оңтүстігіне қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

Дүйсенбі күні Маңғыстау облысы Боранкөл кенішіндегі жатақханадан өрт шығып, кемінде екі адам қаза болды, үш адам жарақат алды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы Боранкөл кенішінде "ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы ЖШС-інің екіқабатты жатақханасынан өрт шықты. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрттің салдарынан екі адам қаза болды, үш адам зардап шекті, делінген компания хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірілген. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіздің" өртпен күрес қызметінің өкілдері қатысқан.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" бөлімшесінің басшылығы жетті, делінген хабарламада.

Мұнай-газ және газ конденсаты өндірілетін Боранкөл кеніші Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Құлсары темір жолы станциясының оңтүстігіне қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз