Ұлттық банк 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік бағдарламалардан шығуға ниетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 17:52 zakon.kz
Бұған себеп ретінде Ұлттық банк артық өтімділікті төмендету мақсатын алға тартады.

ҚР Ұлттық банкі ел экономикасын қолдауға бағыттталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысудан бас тартады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Өз өкілеттігі шеңберінде 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясатының стратегиясына сәйкес, артық өтімділікті қысқарту мақсатында Ұлттық банк 2025 жылға дейін экономиканы қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардан кезең-кезеңмен толықтай бас тартуға ниетті, - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында.

Бұл ретте Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инфляцияға қарсы ақша-несие саясатын жүргізуді жалғастырады. Ал инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендету бойынша үкімет ұсынған шараларды тиімді жүзеге асырған жағдайда Ұлттық банк ақша-несие шарттарын жеңілдету туралы шешім қабылдауға дайын.

Бұған дейін Ерболат Досаев Қазақстанда инфляцияны қалай тежеуге болатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, жыл басынан бері оны жеделдетуге негізгі ықпал етуші жайт азық -түлік бағасының өсуі болды. Осыған байланысты үкімет пен әкімдер жекелеген нарықтағы маусымдық күйзелістер мен теңгерімсіздікті жою бойынша жедел шаралар қабылдайды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: