АҚШ-та екпеден бас тартқан шенеуніктерге тықыр таянды

pixabay.com pixabay.com
Ақ үйдің баспасөз хатшысы себепсіз екпеден бас тартқан шенеуніктердің жұмыстан шығарылатынын растады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ федералды мемлекеттік қызметкерлерін коронавирусқа қарсы екпеден бас тартқан жағдайда жұмыстан шығаратынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Егер үкіметтегі жұмысыңызды жалғастырғыңыз келсе немесе мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыс істегіңіз келсе, онда екпе алуыңыз керек, - деді Псаки Ақ үйдгі брифинг кезінде.

Сондай ақ, ол себепсіз екпеден бас тартқан шенеуніктердің жұмыстан шығарылатынын растады.

Бұған дейін CNN телекомпаниясы АҚШ президенті Джо Байден инфекцияға үнемі тексеріліп отырылатын мемлекеттік қызметкерлерді коронавирусқа қарсы екпеден босатылатынын айтқан. Псаки брифингте мұндай жарлықтың барын растады, бірақ мемлекет басшысысының бұл құжатқа қол қойған-қоймағанын айтқан жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз