54 миллион теңге қарызын төлеуден бас тартқан қазақстандық алты жылға сотталды

54 миллион теңге қарызын төлеуден бас тартқан қазақстандық алты жылға сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 11:42 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды ​​облысының тұрғыны ірі көлемдегі қарызын төлеуден бас тартқаны үшін алты жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, Теміртау қаласының Ескі қала полиция бөліміне 45 жастағы әйел хабарласқан. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғынның өзіне қомақты сомада қарыз екенін және ақшаны қайтарудан үзілді-кесілді бас тартқанын айтқан. Оның үстіне сот бұған дейін ер адамды қарызды төлеуге міндеттеген.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 430-бабына сай сотқа дейінгі тергеуді бастады. Теміртау қаласының тұрғыны бір жыл бойы қарызды өтеу туралы талаптарды елемегені анықталды.

Ол төлеуден бас тартқан сома – 54 миллион теңге. Ер адам сот актісін орындау тәртібін бұзып, мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтірген. Бұл үшін ол үйқамаққа алынды.

Тергеу аяқталған соң борышкерге қатысты іс Теміртау қалалық сотына жіберілді. Сот ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: