Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ ата-аналарға: Балаларыңыз дәріханаға жиі бас сұғып жүрмесін!

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 18:38 pixabay.com
Бұған дейін бұл препараттар заңсыз есірткі заттарының тізіміне енбеген және полицияның тексеру құзыретіне кірмеген, бірақ 2021 жылдың маусымынан бастап олар күштіәсер етуші заттар тізіміне енгізілген.

Дәріханаларда эйфория жағдайында қолдануға болатын препараттар бар. Оны мектеп оқушылары қолдануы мүмкін, деп мәлімдеді брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Есірткінің заңды айналымы туралы айтатын болсақ, назарға бірінші кезекте "дәріханалар" түседі. Өйткені, дәріханаларда құрамында есірткілік заттар бар және есірткілік заттар жоқ, бірақ есірткі секілді күйге түсіретін дәрі-дәрмектер бар. Ең қауіптісінің бірі - "Т ..." дәрісі - синтетикалық опиоидты анальгетик немесе героиннің синтетикалық опиаты, - деп еске салады Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, "Т ..." - нашақорлыққа бет бұрудың көзі. Ол - қауіпті, себебі оның белгісі (ломка) кең тараған ауру белгілеріне ұқсас: суық тию мен улануға.

"Т ..." -дан басқа, мектеп оқушыларын мас күйге түсіру үшін қолдануға болатын басқа да дәрілер бар. Бұл - "Т ..." және "Ц ..." көз тамшылары, - деді Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы.

Ол нақтылап өткендей, бұған дейін бұл препараттар заңсыз есірткі заттарының тізіміне енбеген және полицияның тексеру құзыретіне кірмеген, бірақ 2021 жылдың маусымынан бастап олар күштіәсер етуші заттар тізіміне енгізілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: