Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы тағайындалды

БСНП, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 15:47 БСНП
Алмаз Болатұлы Жувашев бұған дейін 2016 жылдың ақпан айынан бастап бұл мекемені үш жыл қатарынан басқарған.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (БСНП) жаңа бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып Алмас Жувашев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алмаз Болатұлы Жувашев бұған дейін 2016 жылдың ақпан айынан бастап бұл мекемені үш жыл қатарынан басқарған. Қазіргі тағайындауға дейін ол Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасын басқарды", деп хабарлайды БСНП-дағылар.

Алмаз Жувашев Қазақ мемлекеттік медициналық университетін "жалпы медицина" және Дінмұхамед Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің заң факультетін бітірді. Алматы мемлекеттік медициналық зерттеулер институтында және денсаулық сақтаудың жоғары мектебінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. "Жалпы хирургия" және "Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдары" мамандықтары бойынша сертификаттаудың жоғары категорияларына ие.

Еңбек жолын Орталық қалалық клиникалық ауруханасында проктолог болып бастады, содан кейін ол сол арада колопроктология бөлімшесін басқарды, хирургия бойынша директордың орынбасары болды. "ХАК" медициналық орталығы, ЖШКА және орталық қалалық ауруханаларында лауазымды қызметтер атқарды. Ол - білікті дәрігер және тәжірибелі басшы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: