Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері алты рет жаңадан тағайындалды

ТКҚСҚБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2020 18:43 ТКҚСҚБ
Бұған дейін бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Садуақас Байғабұлов және Қанат Ғайнеденовтер атқарған еді.

37 жастағы Асылбек Шаров Атырау облысының бас санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды. Бұл - коронавирус эпидемиясы басталғаннан бергі алтыншы тағайындау, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Садуақас Байғабұлов және Қанат Ғайнеденовтер атқарған еді.

- Асылбек Шаров санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында 14 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, үлкен тәжірибесі бар, - деп хабарлады Атырау облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Асылбек Шаров 1983 жылы 11 наурызда Маңғыстау облысы, Шетпе ауылында дүниеге келген. 2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітірді. Мамандығы - гигиенист-эпидемиолог.

Ақтөбеден М.Оспанов атындағы медицина академиясын аяқтағаннан кейін ол еңбек жолын Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2011 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша МСЭҚ департаментінің радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің бас маманы. 2011-2012 жылдары - Қарақия ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары СЭС басқармасына басшылық етті, сонымен қатар Жаңаөзен қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы болды. 2020 жылдың басында Маңғыстау облысының Шетпе ауылының әкімі болып тағайындалды. 8 маусымнан бастап Маңғыстау облысының ТКҚСҚБ департаментінің инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: