Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда көмір өндірісі қысқарды - министрлік түсініктемесі

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 18:59 pixabay.com
ҚР ИИДМ басшысы көмірдің бағасын белгілеу нарықтық қатынастар негізінде қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін атап өтті.

Барлық аймақтарда көмір қоры жеткілікті мөлшерде қордаланған, ешқандай толқу немесе тапшылық болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

ҚР ИИДМ басшысы ArcelorMittal-да көмір өндіру көлемі технологиялық себептерге, ал Восточный мен Майкөбен-Вест кен орындарында халықтың сұранысының төмендеуіне байланысты төмендегенін айтты.

Бұл ретте "Богатырь Көмір", "ШұбаркөлКөмір" және "Қаражыр" кеніштерінде өндіріс көлемінің артқаны байқалады.

Атамқұловтың айтуынша, әкімдіктердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол басқаратын ведомства 2021-2022 жылдарға коммуналдық қызметтер мен халыққа арналған көмір өнімдерінің қажеттіліктері бойынша жоспар құрды.

Бұл жоспар бойынша тұтыну көлемі шамамен 9,2 миллион тоннаны құрайды, оның 2,8 миллион тоннасы коммуналдық салаға, 6,4 миллион тоннасы халыққа қажетті. Өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда, біздің елімізде көмірді тұтыну көлемі биылғы қыста 800 мың тоннаға төмендейді. Тұтыныстың азаюы халықты газдандыру және сұраныстың төмендеуімен байланысты (халықтың көмірді тұтыныс көлемі 6,4 млн тоннаға дейін төмендеді, өткен қыста бұл көрсеткіш 7,2 млн тоннаны құрады), - дейді министр.

9 қыркүйектегі жағдай бойынша, министрдің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, көмір қорымен қамтамасыз ету сұраныс жоспарына қатысты болды: коммуналдық шаруашылық - 73%, халық - 60%.

Жалпы алғанда, барлық аймақтарда көмір қоры жеткілікті мөлшерде қордаланған, дүрмек пен тапшылық болмайды (107,3 ​​млн тонна). Теміржол көлік паркі көмірді толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді, - деді Атамқұлов.

Бұл ретте ол көмірдің бағасын белгілеу нарықтық қатынастар негізінде қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін атап өтті.

Әкімдіктердің мәліметінше, өңірлерде көмірдің бір тоннасы 5-19 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Баға, ең алдымен, көмірдің сортына, өндіріс құнына және жеткізу қашықтығына байланысты.

Мәдина Мамырханова, Кәмшат Сатиева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: