Ащыбұлақтың адамдары әбден ашынды

видеодан кадр видеодан кадр
Жаз бойы форточкамызды аша алмаймыз.

Көкжөтел болып, аллергиямыз асқынды. Маңғыстау облысындағы бүтін бір ауылдың шаңнан шырқы бұзылды. Бұған цемент зауытына техника таситын жеке базаның жүк көліктері себеп. Кәсіпкердің әрекетіне ашынған жұрт бизнес иесін ел алдына шығып, мәселені тез арада шешуді талап етті. Бірақ нысан иесімен тілдесу мүмкін болмады. Бұған шамданған ауылдағылар база
қызметкерінің бірін айқайдың астына алып, қол көтеруге дейін барды, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, база сыртына төгілген көлік майларының жағымсыз иісі мұрын жарады. Демалу мүмкін емес. Ал жүк көліктері аумаққа кіріп шыққанда шаң көтеріледі. Салдарынан сол маңдағы көршілер сыртқа шыға алмай, тіпті таза ауа жұтудан қалдық, дейді. Оның үстіне мұндағы жүргізушілер күні-түні тарсылдатып, көліктерін жөндейтін көрінеді.

Гүлбану Жаңбырбаева, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны:

Үйдің іргесінен шаң көтеріледі. Майдың иісі, мына жерде мусор өртеледі. Мусорларды лақтырады. Түнімен жұмыс жасайды. Түнгі 11 ден кейін және кешкі 8-9 дан кейін машиналар өндірістен келеді. Астауларын бәрін көтеріп қойып, шаң тозаңмен содан кейін жұмыс басталады. Біз түнімен ұйықтай алмаймыз. Осы мәселенің бәрін қозғап келе жатырмыз. Балаларымыздың мұрны бітіп түнімен ұйықтай алмайды. Тыныс алу жүйелеріне ауру пайда болған.


Гүлжан Түркіменбаева, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны:

Қауіпті зат көп мұның ішінде. Май, мұның ішінде тіпті мұнайда бар ма, цементтерде бар. Барлық иісті өздеріңізде иіскеп тұрсыздар. Майдың иісі шығады. Автол бар ма, солярка бар ма мұның ішінде деген. Денсаулықтарымызға, бала-шағамызға бәрі де зиян. Жаз бойы форточкамызды аша алмаймыз. Мынау дәл түбінде тұрғанда.

Жергілікті тұрғындардың арызданып, бармаған жері қалмаған. Айтуларынша, мәселе екі ай бұрын Шетпе кентіндегі әкімдік өкілдерінің қатысуымен Адалдық алаңында да талқыланыпты. Онда, экологтар кәсіпкердің экологиялық талаптарды бұзып отырғанын айтқан. Бірақ нысан басқа аумаққа көшіріледі дегенімен, бірақ әлі қозғалыс жоқ.

Аман Ордабаев, Шетпе ауылы әкімінің орынбасары:

Ауылдың шетінен жер белгіленді. Екі жер белгіленді. Қазір көшіру жұмыстарын дайындап жатыр. Себебі, ол құр жерге көшуге коммуникациясын тарту керек, газ, тоғын тарту керек. Қазір сол жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол болғаннан кейін, көшіріледі. Оған дейін уақытша бұл базаның арғы бетінен техникалар сол жаққа қарай көшіріледі. Уақытша.

Ауыл әкімдігі бұл нысан басқа аумаққа көшіріледі деді. Берілген уәде орындала ма, жоқ па, бұған әрине уақыт төреші. Өйткені кәсіпкер бұл жерді 2000 жылы жекеменшігіне өткізіп алғанын айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз