Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар Марста адамның қаны, тері және көз жасынан үйлер салуды ұсынды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 20:52 pixabay.com
Болжам бойынша, алты ғарышкер Марста екі жыл ішінде жарты тонна өте берік бетон өндіру үшін шикізат бөліп шығара алады.

Манчестер университетінің британдық ғалымдары Марста үй салудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Тұрғын үй құрылысына арналған материал, шын мәнінде, ғарышкерлердің биологиялық сұйықтықтары болмақ, яғни қан, тер мен көз жасы, деп хабарлайды zakon.kz.

Зерттеушілер Жер бетіндегі шаңнан, сондай-ақ адамның қанынан, терісінен, тіпті көз жасынан тұратын бетонға ұқсас материал ойлап тапты. Өйткені Марсқа дәстүрлі құрылыс материалдарын тасымалдау тым қымбат. Қызыл планетаға бір кірпішті жеткізудің құны 2 миллион доллардан асады екен. Ал Жер тұрғындарын осы планетаға қоныстандыру жоспары ол жақта үйлерді салу қажеттілігін талап етеді, деп хабарлайды ren.tv.

Бірақ британдық ғалымдар шешімді көне дәуірден тапқан. Мысырлықтар құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ұтқырлықты арттыру үшін ерітіндіге жануарлардың қанын қосқан. Сондай-ақ, шошқа қаны кальций карбонаты кристалдарының өсуін реттеді.

Әрине, Марста шошқалар жоқ. Бірақ ғалымдардың ғарышкерлерге көз салып отырған жайы бар. Адам қанынан алынған қарапайым сарысулық альбуминді, марс пен ай шаңын жақсылап араластырса әк ерітіндісінен де жақсы материал шығатындығы анықталды. Зерттеушілер өте күшті бетон ойлап тауып, оны AstroCrete деп атады, - делінген хабарламада.

Алайда зерттеушілерге ғарышкерлердің тері мен көз жасы, қаны ғана қажет емес. Олар ғылымның мүддесі үшін өздерінің нәжістерін де құрбан етуге мәжбүр болады. Өйткені ғарышкерлердің несебінде несепнәр бар, ал бұл AstroCrete күшін 300% арттырады.

Болжам бойынша, алты ғарышкер Марста екі жыл ішінде жарты тонна өте берік бетон өндіру үшін шикізат бөліп шығара алады.

Бұған дейін америкалық NASA агенттігі Марста оқшауланған түрде бір жыл өткізуге дайын еріктілерді іздеуде. Еріктілерден ғылым, инженерия немесе математика бойынша магистр дәрежесі және ұшқыштық тәжірибесі бар жандар болуы талап етіледі.

Еріктілер Марстағы 3D басып шығарылған кешенде 12 ай тұруға мәжбүр болады. 1700 шаршы метрлік объект Техас штаты Хьюстон қаласындағы Джонсон ғарыш орталығының ғимаратында орналасқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: