Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 17:13 Pixabay
Eta штаммының пайда болуы, Денсаулық сақтау министрі еске салғандай, 2020 жылдың желтоқсанында анықталыпты. Алғашқы жағдайлар Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус штаммдарының айналымын анықтау жұмыстарын әлі жүргізіп келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, министрлік биылғы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық сынамаларды талдау арқылы коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізді.

Қазақстан Республикасында 96 сынаманы іріктеу нәтижелері бойынша штаммдардың айналымы белгіленді ("дельта штамм" - "үнді" - 57 (59,4%), "альфа штамм" - "британдық" - 24 (25%) , "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және Eta - "нигериялық" - 5 (5,2%). Eta штаммының таралымы төрт облыста (Қарағанды ​​- 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1) байқалды, - дейді Алексей Цой.

Eta штаммының пайда болуы, Денсаулық сақтау министрі еске салғандай, 2020 жылдың желтоқсанында анықталыпты. Алғашқы жағдайлар Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 15 қыркүйектегі мәліметі бойынша, Eta штаммы әлемнің 77 елінде оқшауланған, ДДҰ санаты бойынша ол "бақылауды" қажет ететін штаммдарға жатады. Клиникалық белгілері альфа ("британдық") және бета ("Оңтүстік Африка") штаммдарымен бірдей (дене қызуының көтерілуі, жөтел, иіс пен дәм сезудің жоғалуы, аурудың ауыр жүруі).
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығына, жақындары мен туыстарының денсаулығына алаңдаушылық танытуға шақырады.

Өзіңізді инфекциядан және ауруханаға жатудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - COVID-19 вакциналау курсынан толық өту. Сонымен қатар, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын сақтау қажет: бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықтықты, қол гигиенасын сақтап, үйді желдетіп отыру керек, - деді Алексей Цой.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: