Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда карантин шаралары тағы жұмсартылады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 17:32 Pixabay
ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 17:32

Денсаулық сақтау министрі А. Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты, делінген primeminister.kz сайтында.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:

1. Биылғы 27 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін:

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 17:32

2. 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан).

3. Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 17:32

Сондай-ақ Тоғжанов вакцина алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: