Нұр-Сұлтан көшелерінің 90 пайызына қазақша атау берілген

astana.gov.kz astana.gov.kz
Елордада көше атауларының басым бөлігі, Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақшаланған.

Елордада мыңнан астам көшеге тарихи тұлғалар мен жер-су аттары берілген. Ол үшін арнайы ономастикалық комиссия құрылған. Құрамына белгілі тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылары кіреді. Атқарылып жатқан қызметтің аясында биыл Елордада 10 мектеп пен театрға және филлормонияға жаңа атау берілмек, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Елордада көше атауларының басым бөлігі, Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақшаланған. 90 пайызы ұлы тұлғалар мен тарихи жер-су атауларына ауыстырылыпты. Биыл жыл басынан бері тағы 50 көшеге жобалық ат берілген.

Сәкен ЕСІРКЕП, НҰР-СҰЛТАН қ. ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бізде Нұр-Сұлтан қаласында қазіргі таңда берілген 1 113 көше бар. Оның басым көпшілігі осы тәуелсіздік жылдары, әсіресе, 97-жылдардан бері аты берілген көшелер. Олардың 90 пайыздан астамы қазақи нақышта, ұлы тұлғаларымыздың, тарихи тұлғаларымыздың және тарихи жер-су аттарының құрметіне берілген көше аттары.

Ескі қаладан қалған орысша атауларды ел құндылығы мен тарихын дәріптейтін жаңа атаулармен алмастыру болашақ үшін де, ел үшін де аса маңызды дейді.

Дәулеткерей КӘПҰЛЫ, АҚЫН, ӘДЕБИЕТТАНУШЫ:

Біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығында келдік, кезінде бұл қазіргі тұрған Нұр-Сұлтан қаласының арғы жағында Ақмола, Целиноград жатыр. Сол кезде ертеден қойылған атауларды қазір қайтадан қарап, қазақыландыру жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі үнемі оң шешім қабылдап отырады. Біз осы оң шешім қабылдауына әрекет жасап отырамыз комиссия мүшелері.

Ел тарихын дәріптеп, ұлы тұлғалардың есімін жаңғырту мемлекет беделі үшін маңызды екені сөзсіз. Алдағы уақытта Елордада салынып жатқан жаңа даңғылдар мен көшелерге де атаулар берілмек.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз