Астанадағы көшенің біріне жаңа атау берілді

Елордада мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаев атындағы көше пайда болды. Аталған көшенің және осы көше бойына орнатылған ескерткіш-тақтаның ашылуы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, Энергетика министрлігінің өкілдері, мұнай-газ саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және көрнекті тұлғаның отбасы мен туған туыстары қатысты.
Аталған көше елорданың Есіл ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1100 м. Түркістан көшесінен басталып, Ұлы дала даңғылында аяқталады.
2024 жылдың көктемінде алматылықтарға қаладағы бірнеше көшеге атаулар беріліп, атаулары өзгертілетіні ескертілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript