Жаңалықтар тізбегі
0

COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакциналау паспорты қандай елдерде танылған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2021 19:33 zakon.kz
Аталған елдерге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.

ҚР СІМ COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакциналау паспорты қандай елдерде танылатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бой ноталармен алмасу жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады, делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. Аталған елдерге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.

Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде, - дейді ҚР СІМ.

Тиісті жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда, осы мәселе ҚР СІМ-нің бақылауында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: