Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай оқушыларының киіміне чип орнатыла бастады

pxfuel.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 22:22 pxfuel.com
Барлық ата-аналар бұл жаңашылдыққа аса қызығушылық танытпады.

Қытайда енді мектеп оқушыларының қайда жүргенін ата-аналары үйінде біліп отыратын болады, деп хабарлайды zakon.kz Комсомольская правдаға сілтеме жасап.

Жухай бастауыш мектебінде оқушылардың формасына арнайы микрочиптер орнатылды. Енді ата-аналар баласының барлық қозғалысын бақылап, қайда жүргенін білетін болады. Егер студент қауіпті жағдайға тап болса, микрочип ата-ананың немесе мұғалімдердің ұялы телефонына дабыл белгісін жібереді.

Барлық ата-аналар бұл жаңашылдыққа аса қызығушылық танытпады. Көптеген адамдар чиптерді қылмыскерлердің аяғына салынған электронды білезіктермен салыстырып, одан қауіптенген. Бірақ мектеп үлкендердің бұл қорқынышы заңды деп санайды.

Қытайда балалар көбінесе мектептен қашып, компьютерлік клубтарға бас сұғады, сол арада сағаттап отыра беруге бейім. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық мақсатында бала ұрлау оқиғалары да болып тұрады. Жаңашылдық осы қауіп-қатерлердің алдын алу үшін енгізілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: