Жаңалықтар тізбегі
0

Курсант өлімі: Басқа да ата-аналар ҚР ІІМ академиясында ақша жинау болатынын растады

holanews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 15:53 holanews.kz
Бұл туралы ІІМ-нің басқа академиясындағы курсанттардың ата-аналары мәлімдеген.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы академиясында асулы күйінде табылған 19 жастағы курсант Саламат Өтегеновтің анасы Бекзат Иманғалиеваның баспасөздегі мәлімдемесінен кейін оған басқа академия курсанттарының ата-аналары байланысқа шыққан. Бекзаттың сөзіне қарағанда, ата-аналар өз балаларына да оқу орындарында тура осылай ақша жинау мен қысым көрсету орын алатынын айтқан, деп хабарлайды zakon.kz Уральская Неделяға сілтеме жасап.

Балам туралы мақала жарияланғаннан кейін, Ішкі істер министрлігі академиясы курсанттарының тағы екі ата-анасы What’sApp арқылы маған хат жазды. Олар өз балаларының қай академияда оқитынын айтпады, бірақ бірі баласының ІІМ академиясын қысымға шыдамағандықтан тастап кеткенін жазды. Тағы бір ата-ана, баласы оқып жатқан академияда курсанттардан ақша жинау фактілері болғанын айтты, - деді Бекзат Иманғалиева.

Өкінішке орай, Бекзат Иманғалиевамен хат алысқан ата-аналар мұны ашық айтқысы келмеген, яғни журналистермен сөйлесуге келіспеген.

13 желтоқсанда Алматы қалалық ІІМ академиясының курсанты 19 жастағы Саламат Өтегенов асхананың ішкі бөлмесінде асулы тұрған күйінде табылды. Марқұмның туыстары жігіттің ІІМ-нің Алматы академиясында оқығаны кезінде болған жайтты толық баяндап, оқу орыны қабырғасында үнемі ақша жинау болатынын айтты. Саламат қайтыс болар алдында үлкен ағасынан қомақты көлемде ақша сұраған. Мақала жарияланғаннан кейін келесі күні ІІМ Алматы академиясының бастығы Өмербай Смайылов қызметінен босатылды. Онымен бірге тағы 6 қызметкер жұмыстан шығарылды. Министрліктің ішкі аудит, кадр саясаты және ішкі қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері білім беру ұйымына тексеруге жіберілді. Олар келесі жылдың басынан бастап осындай тексерулерді Ішкі істер министрлігінің барлық оқу орындарында жүргізуге уәде берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: