Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда той мен конференцияларды өткізуге не үшін рұқсат берілді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 22:39 pixabay.com
Журналистердің жиынға жеке қатысуына енгізілген карантиндік шектеулер цензура болып табылмайды, ақпарат алуға ешқандай кедергі келтірмейді деп санаймын - Ералы Тоғжанов.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметте өткен брифингте елімізде неге екпе алған адамдарға тойға, конференциялар мен көрмелер баруға рұқсат етілгенін, ал журналистердің үкіметтегі, Парламенттің қос палатасы, министрліктегі жиындарға қатысуына әлі де тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері мемлекеттік мекеме ғимараттарына журналистерді кіргізуге қашан рұқсат берілетінін сұрады.

Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтанның әлі де "қызыл" аймақта екенін еске салды

Сонымен бірге ол елімізде іс-шаралар өткізу, оның ішінде салтанатты шараларды өткізу немесе өткізбеу туралы шешімді билік соңғы 1,5 ай ішінде қабылдағанын атап өтті. Бұл арада ШОБ пен бұрын енгізілген шектеулерге байланысты жұмыссыз қалған азаматтардың өтініштері ескерілді.

Ондаған мың қазақстандық жұмыссыз қалды. Әрине, біз бұл мәселені назардан тыс қалдыра алмадық ... Сондықтан біз бірқатар іс-шараларды өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттармен: әркім "жасыл" мәртебеге ие болуы керек, адам саны 100-ден аспауы тиіс, егер облыс КВИ бойынша "жасыл" аймақта болса, ал өңір "қызыл" аймақта болса, адам саны 50-ден аспауы қажет. Журналистерді мемлекеттік мекемелерге қабылдауға келетін болсақ, мен бүгінде журналистер мен қарапайым қазақстандықтардың ақпарат алуына ешқандай шектеулер мен кедергілерді көріп отырғаным жоқ, - деді ол.

Журналистердің жиынға жеке қатысуына енгізілген карантиндік шектеулер цензура болып табылмайды, ақпарат алуға ешқандай кедергі келтірмейді деп санаймын, - дейді ол.

Үкіметте, парламентте өткізілетін барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, желіде көрсетіледі. Жағдай тұрақтанғанына қарамастан, ешкім әлі де барлық санитарлық талаптарды жойған жоқ. Сондықтан, бүгінде министрлер бейнеконференция режиміндегі кездесулерге қатысуда, байланыстар барынша азайтылды, - деп қоса кетті Тоғжанов.

Жалпы, оның айтуынша, журналистер департаменттерге жазбаша сауал жолдап, онлайн кездесулер немесе брифингтер кезінде тікелей сұрақ қоюға мүмкіндіктері бар. Электронды үкімет пен әлеуметтік желілер арқылы да кері байланыс бар.

Бүгінде офлай -брифингтерді барлық санитарлық -эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізу мәселесі пысықталып жатыр. Ashyq жүйесінде "жасыл" қауіпсіз мәртебесі бар журналистерге қолжетімділік қамтамасыз етілетінін атап өткім келеді, - деп сөзін түйіндеді Тоғжанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: