Жаңалықтар тізбегі
0

Армандары үнемі орындалатын жұлдыз белгілері анықталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 22:53 Pixabay
Кейбіреулер егіздерді құдды бір "бақытты жұлдызда туған" деп атайды.

Астрологтар ең "армандары орындалғыш" жұлдыз белгілерінің тізімін анықтады, дейді zakon.kz.

Нумерологтардың айтуынша, кей адамдар туғаннан бастап сәттілікті серік етеді. Олардың армандарының орындалу себебі – көтеріңкі көңіл-күйде жүруі және айналасындағылардың оған сенім білдіретінінде, деп жазады "Лиза" басылымы.

Арыстан

Жұлдызнамадағы басқа жұлдыздарға қарағанда арыстандар әрбір сәтке қуанып, өмірден ләззат алады. Тіпті ең тұнжыраған күннің қабағынан бір жақсылықты таба біледі. Сондықтан оны айналасындағылар жақсы көреді, содан жолы болғыш келеді.

Тауешкі

Тауешкілер ой құдіретін жақсы біледі, содан болар, армандарының орындалуы үшін қара қолдың күшін ғана емес, ойлау қабілеттерін де салады. Бұл жұлдыз белгісі егжей-тегжейлі жоспар құрып, ол орындамайынша ешқашан берілмейді.

Егіздер

Кейбіреулер егіздерді құдды бір "бақытты жұлдызда туған" деп атайды. Өйткені олар бір нәрсені ойласа, онысы міндетті түрде орындалады. Мұндай сәттіліктің себебін айту қиын. Бәлкім, бұл олардың айналасына төгіп жүретін сарқылмайтын позитивінде болар.

Торпақ

Торпақтар құр киялдап жүргенді ұнатпайды. Олар алдына айқын мақсат қойып, сауатты жоспар арқылы діттегеніне жетеді. Бұл жұлдыз белгісінің өкілі кез-келген істе материалдық іргетас маңызды екенін біледі. Сондықтан жарқын болашағы мен армандарының орындалуы үшін барын салуға дайын.

Аида Мұхтар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: