Қосшы қаласының өз соты болады

zakon.kz zakon.kz
Қарағанды облыстық сотының судьяларын лауазымдарынан босату ұсынылды.

Бүгін ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыста Кеңес Ақмола облысындағы Қосшы қаласының сотын қалыптастыру және оның штаттық құрамын бекітуге, сонымен қатар республиканың өзге соттарының штаттық құрамын өзгертуге келісім берді.

Бұдан бөлек, Кеңес отырысында Республика соттарының бірқатар төрағаларын, сот алқалары төрағаларын және судьяларын лауазымдарынан босату туралы ұсыным берді. Соның ішінде Қарағанды облыстық сотының судьяларын лауазымдарынан босату ұсынылды: Т.М. Ерімбетов (судья әдебіне қайшы келетін тәртіп бұзушылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімімен) және Е.А. Исабеков (қайтыс болуына байланысты).

Сонымен қатар Кеңес зейнет жасына жеткен бірқатар судьялардың лауазымында қалу мерзімі ұзартуға келісімін берді және судьялардың Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссияның шешімдеріне түсірген шағымдарын қарады. Қарау нәтижесінде бір судьяның шщағымы қанағаттандырылды. Соған орай Кеңес Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссия шешімінің күшін жойып, оны қайта қарауға жолдады.

Бұдан өзге, отырыс барысында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы жұмыс органдарының жаңартылған құрамдары бекітілді (Сот жюриі, Біліктілік комиссиясы, Кадр резерві жөніндегі комиссия).

Кеңес сонымен қатар басшылық және жоғары тұрған судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмыс Ережелеріне толықтырулар мен өзгертулерді мақұлдады. Олар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу процедураларын жетілдіруге бағытталған.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз