Алматы облысындағы жолдарға "Сергек" пен "Автоураган" орнатылады

ТО ПД баспасөз қызметі ТО ПД баспасөз қызметі
Тас жолдарға 130-ға жуық камера қойылады.

Алматы – Бішкек, Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас, Алматы – Өскемен жолдарымен жүрген жүргізушілерді полиция электроника арқылы қадағалайды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Болатбек Айтбаев апат жиі болатын бөліктерге 130-ға жуық камера қоятын тіреу орнатыла бастағанын хабарлады.

Қауіпсіздікті арттыру үшін өңірдегі тас жолдарға шуыл жолсызығы, жарық бағандары, жол белгілері, стробоскоп, жарық шағылыстыратын құралдар мен күн батареясымен жұмыс істейтін катафот орнату жұмыстары жалғасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз