Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысындағы 129 отбасы апатты үйде тұрады

Шымкентте апатты үйлерде тұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 13:25 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстаудағы Сайөтес ауылында 130 ға жуық отбасы апатты жағдайдағы баспаналарда тұруға мәжбүр.

Өйткені, қарапайым тұрғындардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге күші жетпейді. Ал жергілікті әкімдік үйлердің құжаты жоқтығын алға тартып, мәселені кейінге шегеріп келген, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауылда апатты күйде тұрған қос қабатты 18 үй бар. Онда 500 дей адам жанын шүберекке түйіп тұрып жатыр. Ескірген тұрғын үйлердің бірде төбесі, енді бірде жертөлесі құлайды. Жаңбыр жауса, шұрық тесік шатырдан су ағады. Кәріз жүйесінің де әбден тозығы жеткен. Құбырлар бітеліп, лас су көшеге жайылып жатыр.

"Балалар түгел өзіміз үйге жатуға қорқамыз. Түнде мен далаға жатып шықтым ал сөздің шындығында. Каждый стойкілерде жарық бар. Кезінде деген осыны үкімет астына бәріне өздерің жауап бересіңдер, сыртқа біз жауап береміз деді. Ал сыртына неге жауап бермейді үкімет." Берік Айтекенов, Сайөтес ауылының тұрғыны

Баспаналар 60-шы жылдары теміржолшыларға арналып салынған. Кейін пәтерлер жекешелендіріліп, үйлер қараусыз қалған. Бүгінде бірде-бір құжаты жоқ. Сондықтан бюджеттен қаржы бөлу мүмкін болмаған. Енді, үйлерді апатты деп тану арқылы ғана мәселе шешілмек.

"Барлығы дерлік қауіпті дегенмен, солардың ішінен үш тұрғын үйді алып, демеушілікпен 3 үйге апатты деп тану сараптамасын қағазын шығарып беретін мекемеге қаржы бөлуін өтініп, келісім шарт жүргізіліп жатыр. Егер сол үш үйдің мәселесін апатты деп танысақ, аталған үш үйдегі тұрғындарды көшіру я болмаса үй алып беру, болмаса басқа жағдайлармен қамтамасыз етеміз." Әбдиев Сабыржан, Сайөтес ауылының әкімі.

Әкімдік осылайша тұрғындарды кезең-кезеңмен көшіруді жоспарлап отыр. Бірақ мәселе нақты қашан шешілетіні белгісіз. Айта кететін жәйт, осы үйлерге келесі қыста жылу берілмейді. Себебі, тұрғындардың 4 млн теңге қарызы бар деп коммуналдық мекеме қызмет көрсетуден бас тартқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: