Маңғыстау облысындағы апатты үйдің тұрғындары көшіріледі
Сурет: видео скрині
Маңғыстау облысындағы Сайөтес ауылында 10-нан астам отбасы апатты үйлерде тұрып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі қабатты үш үй кезінде теміржол қызметкерлеріне арналып салынған. Кейін жекеменшікке өткен. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жуырда сараптама жасалып, апатты деп танылды.
"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, апатты жағдайдағы үйлерде 11 отбасы тұрады. Кейбірі мүгедек бала тәрбиелеп отыр. Көшіп кетуге тұрғындардың шамасы жоқ.
"Мына жерде тұру қиын. Кіріп-шыққан сайын қорқып отырасың. Балаларымыздың өмірі үшін қорқамыз, әңгіменің шыны керек". Ауыл тұрғыны Текебай Әбішев
"Екі күннің бірінде жаңбыр. Су ағып отыр төбесінен. Ауданда жасайтын мамандар келіп кетті. Онымен нәтиже жоқ". Ауыл тұрғыны Тазагүл Мұқанова
Мәселені шешу үшін комиссия құрылған. Ауыл әкімінің айтуынша, алдағы уақытта апатты үйлерден тұрғындар көшіріледі, оларға әзірше уақытша баспана ұсынылған.
"Егер біз эвакуацияласақ, арнайы мектептің АКТ немесе спорт залдарына немесе белгілі бір орындарға көшіреміз. Ал тұрғындардың бұл орындарға бармайтыны белгілі. Сондықтан біз тұрғындарға әртүрлі ұсыныс айтып жатырмыз. Қазір облыс бюджетінен бір қабатты төрт үй салуға қаржы қаралып жатыр". Ауылдық округ әкімі Сабыржан Әбдиев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript