Маңғыстау облысындағы көл маңынан 30 өлген аққу табылды
Сурет: Үстүрт мемлекеттік табиғи қорығы
Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды. Экологтар құстардың жаппай қырылу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының хабарлауынша, өлі аққуларды 21 желтоқсан күні қызметкерлер тауып алған. Бұл туралы қорықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап InAktau хабарлады.
Оқиға орнына барған резерват мамандары өлген құстардың өлекселерінен сынама алып, қазір аққулардың қырылу себебін анықтау үшін зертханада қажет зерттеу жасап жатыр. Қорық қызметкерлері аққулардың өлгені туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлаған.
Бұған дейін блогер әрі қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев қатып қалған қоқиқаз балапанын ажалдан аман алып қалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript