Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда биыл апатты жағдайдағы 18 үйдің тұрғындары көшіріледі

Нұр-Сұлтан қаласы, апатты жағдайдағы үйлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2022 14:19 Сурет: Александр Куприенко
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баспана жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй кешенін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы апатты үйлерден 300-ден астам отбасы көшіріледі, деп жазылды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, апатты жағдайдағы ескі үйлерде 300-ден астам отбасы тұрады. Мұндай көппәтерлі және жеке үйлердің проблемалары негізінен электр сымдарымен, кәрізбен, сумен, шатырмен, іргетасымен байланысты. Тіпті пәтер ішінде пеш те орнатылған, дәретханасы сыртта орналасқан тұрғын үйлер де бар.

Бірқатар апатты үйлердің тұрғындарымен кездестім. Мәселен Сарыарқа ауданында тұратын тұрғындармен (Рауан тұйық көшесі 15, 16, 17) кездесуде көшу мәселесі талқыланды. Олардың баспанасы апатты ескі үйлер тізіміне енгізілген: қазіргі уақытта оларға арнап жаңа тұрғын үй кешені салынып жатыр, оны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқтала салысымен Рауан тұйық көшесі 15, 16, 17 мекенжайында тұратын тұрғындарды көшіреміз.Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов

Тұрғындарды қауіпті үйлерден көшіру «Елорда Даму» бағдарламасы аясында жүргізіледі. Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Бағдарлама басталғаннан бері шамамен 4 мың 200 отбасы көшірілді.

Соған қарамастан, қалада 200-ден астам апатты үй бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: