Алматы және Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізілді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2021 20:37 pixabay.com
Жылдың басынан бері ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 136 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 7 – адам саудасы үшін және 16 – кәмелетке толмағандарды саудалау.

Алматы және Нұр-Сұлтанда полицейлер эротикалық массаж салондары түрінде жұмыс істейтін притондарды анықтап, олардың көзін жойды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ-нің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан және Қазақстан азаматтарынан тұратын қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, олар эротикалық массаж салондары түрінде жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан. Ұзақ уақытқа қатысушылар арасында рөлдер бөлініп алынып, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында криминалдық бизнесті ұйымдастырған 8 адамнан тұратын топ анықталды. Қылмыскерлер хабарландыруларды “OLX”, “SATU” интернет желілерінде, “Telegram” әлеуметтік желісінде орналастырған және қыздарды көп ақы төленетін жұмысты алу мүмкіндігі туралы адастырып, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып, кастингтер жүргізген (20-дан 30 қызға дейін).

Притондар таңдаулы коттедждерде ұйымдастырылған және демалыссыз тәулік бойы жұмыс істеген. Күнделікті кіріс ақшасыз есеп айырысумен топ ұйымдастырушысына аударылып отырған және айына 10-12 миллион теңгені құраған.

Биылғы жылғы 1 қазанда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында бір уақытта қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдерді алды. Қазіргі уақытта ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Ұйымдастырушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Жылдың басынан бері ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 136 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 7 – адам саудасы үшін және 16 – кәмелетке толмағандарды саудалау. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында халықаралық рейтингте Қазақстан Республикасы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында минималды стандарттарды сақтау бойынша едәуір күш-жігер қабылдайтын елдердің екінші санатына кіреді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: