ІІМ-де адам және орган саудасы фактілері бойынша статистика жарияланды
Фото: polisia.kz
Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 134 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева ОКК алаңында ІІМ құрылымында адам саудасына қарсы күрес бөлімшелері жұмыс істейтіндігін айтты. Жыл сайын осыған байланысты 150-ге жуық қылмыстық іс қозғалады.
"Осы жылдың өткен кезеңінде 134 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде: органдар саудалағаны үшін – 15 іс; адамды қанау мақсатында ұрлағаны үшін – 2; қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін – 3; адам саудасы үшін – 15; кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 12; кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін – 3; жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 7; притон ұйымдастырғаны және жеңгетайлық жасағаны үшін – 77".Шынар Көшербаева
Сондай-ақ, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін әдейі үй-жайлар беру бойынша 649 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, жалпы сомасы 155 млн теңгеге айыппұл салынды.
Бұған дейін ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында төрт call-орталықты жойғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript