Жапония жаңа үкіметтің құрамын бекітті

visitjapan.ru visitjapan.ru
Ресми рәсім Токиодағы император сарайында өткен.

Жапон императоры Нарухито премьер-министр Фумио Кисида басқаратын жаңа үкімет құрамын бекітті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Киодо ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ресми рәсім Токиодағы император сарайында өткен.

Императордың министрлер кабинетінің құрамын бекітуі жапон конституциясына сәйкес жүзеге асырылатын міндетті рәсім. Рәсім кезінде министрлер кезекпен императордан монарх қол қойған тағайындау туралы арнайы құжатты алады. Шараға парламенттің қос палатасының спикерлері мен бұрынғы премьер-министр Йошихиде Суга қатысты, делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги мен қорғаныс министрі Нобуо Киси Кисида үкіметіндегі қызметін әрі қарай да жалғастыратын болды. Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрлігін басқарған Коичи Хагиуда экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігіне ауысты.

Сонымен қатар, Жапониядағы жаңа үкімет құрамына үш әйел кірді. Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) президенті болу үшін Кисидамен таласқан Сейко Нода туудың төмен көрсеткіштері проблемасы және аймақтық істер министрлігінің басшысы болып тағайындалды. Жаңадан құрылған цифрландыру министрлігін Карен Макисима басқарады, ал Норико Хориути коронавирусқа қарсы жүргізіліп жатқан екпе салу ісін бақылайды.

Бұрын Токиодағы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарға жауапты министр Сюнъити Судзуки енді қаржы министрлігін басқарады. Кисида үкіметінде технологиялық құпиялардың ашылуын тоқтатуға арналған экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тағы бір жаңа министрлік құрылды. Аталмыш лауазым Такаюки Кобаясиге табысталды.

Жапония парламентінің екі палатасы да көпшілік дауыспен премьер-министрлікке Фумио Кисиданы сайлады. 29 қыркүйекте ол билеуші ЛДП басшысы қызметіне кірісті. Өткен жылы Синдзо Абэнің кенеттен отставкаға кетуіне байланысты бұл қызметке Ёсихидэ Суги келген. Енді оның мерзімі өтеліп, жаңа премьер министр тағайындалды.

Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз