Елбасы Жапония императорын таққа отырғызу шарасына ұшып кетті
instagram.com
Ресми шара 22 қазанда Император сарайында өтеді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі Instagram-да Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Елбасының Жапония Үкіметінің шақыруымен осы елдің императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келгендігі хабарланған болатын.
"Таққа отыруына арналған ресми шара 22 қазанда Император сарайында болады. Сапар барысында Елбасы бірнеше екіжақты кездесу өткізеді", - деп жазды Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өзінің парақшасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript