"Әкенің сыйлығы". Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

regnum.ru regnum.ru
Газдың кесірінен жеті оқушы мен бір мұғалімнің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері бесеуіне сол жерде көмек көрсетсе, басы айналып тамағы ашыған үш оқушыны ауруханаға жеткізді.

Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды. Оқыс оқиға 5 қазанда таңертең №55 мектептің дәлізінде болған. 9-сыныпта оқитын қыз әкесі сыйлаған газ баллонын сыныптастарына сынап көрмек болыпты, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Нұрмахамбет Әбдіразақов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Қорғану мақсатында әкесі алып берген газ баллонын оқушы қыз үзіліс кезінде шашып көрген. Оқуға кедергі болған жоқ, оқу өз уақытында жүріп жатыр.

Десе де газдың кесірінен жеті оқушы мен бір мұғалімнің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері бесеуіне сол жерде көмек көрсетсе, басы айналып тамағы ашыған үш оқушыны ауруханаға жеткізді. Олар дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне жіберілген. Ал құрбы-құрдастарын газ баллонымен тұншықтырған қыздың ата-анасы мен мектеп басшылығы енді тиісті органдарда түсініктеме жазып жатыр.

Бақытжан Пазылов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Дәл жақын арада шашатын болса, ол көздің сілекейі, мұрын сілекейі жоғары тыныс алу сілекейі қабынып, асқынуы мүмкін. Бірақ ол адамға өте қауіпті деп айта алмаймын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз