Павлодарда үш сәби уланып қалды
Бірінші жағдайда этанолмен уланған бір жарым жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қалған екі жағдайда 2022 жылғы ұлдар жеңіл дәрежелі дәрі-дәрмекпен уланған. Оларға алғашқы көмек көрсетілген соң ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартқан, деп жазды pavlodarnews.kz.
"Ата-аналар көбінесе кішкентай балаларының дағдыларын бағаламайды. Ал, олар тазартқыш заты бар бөтелкені өздері аша алады. Мұндай жағдайлар қайғылы аяқталуы мүмкін. Сондықтан ата-аналарға тұрмыстық химия мен дәрі-дәрмектерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау және оларды қолданудың қауіптілігі туралы еске салғым келеді". 103 станция басшысының орынбасары Ирина Мищенко
Облыстық балалар ауруханасында 2022 жылы туған қыз (1 жас, 9 ай) 21 қыркүйек күні сағат 11.00-де соматикалық корпустың қабылдау бөлмесіне жеткізілгенін хабарлады. Анасының айтуынша, қыз кесеге құйылған 90% этил спиртін ішіп үлгерген. Анасы дереу жедел жәрдем шақырған. Сәбиді қабылдау бөлмесінің дәрігері қарап шығып, асқазаны жуылған. Әрі қарай тексеруді лор дәрігері жүргізген.
22 қыркүйекте сағат 17.15-те соматикалық корпустың қабылдау бөлмесіне 2023 жылғы бала (1 жыл 6 ай) жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Анасының айтуынша, сәби тарақандарды улау үшін пайдаланатын препараттың біраз мөлшерін жеп қойған. Бірден баланың асқазаны жуылып, соматикалық бөлімге жатқызылды. Екі жағдайда да балалардың жағдайы тұрақты.