Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында бір үйдің төрт баласы мен әкесі табиғи газга уланып қалды

Атырау, табиғи газ, улану, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 13:48 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында 1980 жылы туған ер адам мен оның төрт баласы ас бөлмесіндегі газ плитасынан шыққан табиғи газға уланып, жедел-жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпарат бойынша,  9 қаңтар күні сағат 07:30 жедел-жәрдем қызметінен Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары табиғи газға уланғаны жөнінде хабарлама түскен.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан табиғи газға уланып, жедел-жәрдем қызметімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін анықтады.Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, балалардың жағдайы бір қалыпты болғандықтан, үйіне жіберіліпті. 

Қазір мамандар уланудың себебін анықтап жатыр.

Осы орайда төтеншеліктер тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, тұрмыстық заттарды, электр құрылғыларын қосулы қалдырмауға шақырды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: