Павлодарлық оқушы Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыға ие болды

Рavlodarnews.kz Рavlodarnews.kz
Айта кетелік, Болат Өтемұратов қоры төртінші жыл қатарынан Батырхан Шүкенов атындағы қордың жобаларын қаржыландыру арқылы музыкалық жоғары оқу орындары мен мектептердің дарынды оқушыларына арналған атаулы стипендия ұсынып келеді.

250 000 теңгені құрайтын атаулы шәкіртақы иегерлерінің қатарында Жасұлан Төрегелді де бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz мәліметінше, облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, ол «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқушысы. Жас өрен трубада өнер көрсетеді. Оқытушысы - В.А. Шлегель.

Стипендиаттарды іріктеу екі турда өткізілді. Іріктеу комиссиясының құрамына Батырхан Шүкенов атындағы қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы - оның туған ағасы Бауыржан Шүкенов, кларнетист Дамир Бүркітбаев және Санжар Байтереков кірді.

Сарапшылар 4 қаладан келіп түскен 39 өтінімді қарады, олардың 13-і екінші турға өтті. Барлық қатысушылар өздері таңдаған музыкалық туындылардың бейнежазбаларын ұсынды, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелерімен әңгімелесуден өтті. Осылайша, қазылар алқасы олардың орындаушылық шеберлігін, әртістігі мен уәждемесін толық көлемде бағалай алды. Мамандандырылған музыка мектептерінің оқушылары арасынан үш үміткер ғана өтті, - дейді басқармадағылар.

Айта кетелік, Болат Өтемұратов қоры төртінші жыл қатарынан Батырхан Шүкенов атындағы қордың жобаларын қаржыландыру арқылы музыкалық жоғары оқу орындары мен мектептердің дарынды оқушыларына арналған атаулы стипендия ұсынып келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз