Жаңалықтар тізбегі
0

"Жын кірді" деген сарбазға қатысты ҰҚК түсініктеме берді

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2021 17:43 pxhere.com
Оны әскерге шақыру комиссиясы жарамды деп тапты. 29 қыркүйекте ол ұстама белгілерімен Үшарал ауруханасына жатқызылды.

Әлеуметтік желілерде қол-аяғы байлаулы сарбаздың біртүрлі видеосы пайда болғаны белгілі. Осы жайтқа қатысты ҚР ҰҚК түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеода орындыққа байланған жауынгер өзін босатуды талап етіп, айқайлайды.

Сарбаз 2021 жылдың 25 қыркүйегінде Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен әскери борышын өтеуге шақырылып, 27 қыркүйекте қызмет орнына келді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Оны әскерге шақыру комиссиясы жарамды деп тапты. 29 қыркүйекте ол ұстама белгілерімен Үшарал ауруханасына жатқызылды.

Оқи отырыңыз: "Жын кірді" деген сарбаздың видеосына қатысты тың дерек жарияланды

Құзырлы ведомстваның мәліметінше, ол 30 қыркүйектен бастап Алматыдағы ҰҚК госпиталінде тексеруден өтіп жатыр. Әскери дәрігерлерден тұратын комиссия алда шешім қабылдайды. Оған сәйкес, оның ары қарай әскери борышын өтейтін-өтемейтіні анықталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: