Жаңалықтар тізбегі
0

Әнші Кенжебек жалаңаш түскен суретіне қатысты түсініктеме берді

әлеуметтік желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2021 22:13 әлеуметтік желіден алынды
Ол фотошоп емес екен.

Әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов желіні шулатқан жалаңаш суретіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы Нұрсұлтан Құрманның Youtube-тегі арнасына берген сұқбатында айтты.

"Осы күнге дейін түсіп жүрген жарнамаларымның ішінде көзге ерекше түскені осы болды ғой деймін. Әйтпесе қаншама жарнама түсірдік, олардың бір де біреуі қатты еленбеді. Енді мұны "қара пиар" деп атайды. Бұл о заманнан келе жатқан маркетингтік тәсіл. Жаңа үлкен бір кісімен келдім. Соған осы суретті көрсеттім, пікірін білейін деп. "Онда тұрған дәнеме жоқ,шоу-бизнес болған соң бұл соған тән нәрсе", - деді ол кісі. Менің айтпағым да осы. Әрине, мұндай ұсыныс түскенде біраз ойланып қалдым. Бірақ, тәуекелге бел будым. Білейін, бұл "қара пиар" дегеннің де қандай болатынын деп ойладым. Күткен жоқ емеспін, жаман пікірлерді күттім. Бірақ оның ішінен тек жақсысын алдым да қалғанына көз жұмдым. Өтті де кетті. Біреулер: "Элит шоколадты жарнамалап, оның директоры болайын деп жүрсің бе" деп те жазып жатты. Олар "Элит шоколодтың" бастығы екенімді қайдан білсің. "Адамның өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ" деп Абай атамыз айтпақшы, осылай өсекке ілініп кеттік. Әйтпесе нәтижесі жаман емес. Тауар жақсы өтіп жатыр", - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: