Елорда тұрғыны микроқаржы ұйымының кассирін қылқындырды
zakon.kz
Аталған факті бойынша "тонау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Нұр-Сұлтанда ер адам микроқаржы ұйымын тонамақ болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Тал түсте бетіне медициналық бетперде таққан 34 жастағы жігіт клиент кейпінде МКҰ кеңсесіне келді. Кабинетте кассирдің жалғыз екенін байқаған ол ақша талап етіп, кассирді тұншықтырмақ болған.
Жанжал кезінде қыз дабыл түймесін басып үлгерді, одан кейін қарақшы ізін суытқан.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жолын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам қылмыс жасаған соң аялдамаға барып, автобусқа мінген. Қоғамдық көлікте ол QR-код арқылы төлем жасап, соның көмегімен қылмыскердің жеке басы анықталды. Қарақшы бетперде мен капюшон киіп, жүзін жасырмақ болғанымен, полиция оның мекен жайын анықтап, қамауға алды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "тонау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде.
Жайна Тәттімбетова
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript