Ресей нөмірлі "Газельді" жалға алып, біреуге сатып жіберді

ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 15:46 ҚР ІІМ
Аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтанда полиция жалға алынған көлікті сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қала тұрғыны өзіне таныс емес ер адамның көлігін алдау арқылы иемденгені туралы арызданған. Тергеу барысында 29 жастағы ер адамның екі айға жалға бер деп, танысынан ресейлік нөмірлі "Газель" автокөлігін алғаны анықталды, – деп жазады ҚР ІІМ ресми сайты.

Ақшасын бірнеше күннен кейін беруге уәде берген ол көлік кілтін алып, жоғалып кетті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде ер адамның тұрғылықты жері анықталып, ұсталды. Көлікті сатып үлгергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азаматтың елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: