Жамбыл облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

видеодан алынды видеодан алынды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі затын сатушыдан жалпы салмағы 103 келі 240 грамм “кептірілген марихуана” есірткі затының 10 қабы тәркіленді, күдікті бұл қаптарды жаз мезгілінде елдің солтүстік аймақтарына жеткізу үшін дайындап, жасырған.

2 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен салмағы 60 келі 440 грамм болатын “каннабис өсімдігі” есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі затын сатушыдан жалпы салмағы 103 келі 240 грамм “кептірілген марихуана” есірткі затының 10 қабы тәркіленді, күдікті бұл қаптарды жаз мезгілінде елдің солтүстік аймақтарына жеткізу үшін дайындап, жасырған. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, қылмыстың бұл түрімен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық әрекетті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қайта саралау қарастырылуда. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ жылдың басынан бері Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 3 тонна 293 келіден астам, оның ішінде 800 грамм героин, 103 келі гашиш, 3 тоннадан астам марихуана сияқты түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар, Жамбыл облысында шамамен 550 га аумақта жер жырту, шабу және өртеу жолдармен 40 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз