Ресейде ауладағы тұраққа машина қоюға болмайды

Максим Золотухин / zakon.kz Максим Золотухин / zakon.kz
Жаңа тұрғын үй кешендері тұрғындарды көлік қоятын орынмен қамтамасыз ете алмайды.

Ресейдің ірі қалаларында көліксіз аула түсінгі енгізіліп жатыр, бірақ бұған жүргізушілер наразы. Autonews.ru редакциясы шенділердің пәтер иелеріне көлігін өз ауласындағы тұраққа қойғызбауы қаншалықты заңды екенін анықтап көрді, дейді kolesa.kz.

Ауладағы автотұрақ мәселесі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретінде, олар мемлекеттік құрлыс салу ережесіне сай жұмыс істейді. Мұндағы ең маңызды түйін — көлік тұратын жер мен үйге дейінгі қашықтыққа байланысты талап. Ол машина қоюға арналған орынның саны мен жанындағы үйде терезе бар-жоғына байланысты есептеледі. Мысалы, 10–50 көлікке арналған тұрақ терезесі жоқ ғимараттан кемінде он метр, ал терезесі бар ғимараттан 15 метр алыс орналасуы керек. Сонымен қатар балалар және білім беру мекемесі, ойын алаңы, спорт және демалыс орынының маңындағы автотұрақ тіпті он көлікке арналса да аталған объектілерден кемінде 25 метр қашықтықта болуы керек. Әрине, бұл талап Қазақстанда да, Ресейде де жиі бұзылады.

Оның үстіне жүргізушілер сол аулада тұратын барлық тұрғынның мүддесін ескеруі керек, өйткені олардың арасында қоршаған ортаны қарашығындай қорғайтындар да бар болуы мүмкін. Бірнеше жыл бұрын Братск тұрғыны аулада автокөліктердің тұрағына наразы болып, Жоғарғы сотқа арыз жазған. Сот көп қабатты үйдің тұрғындары қонақтарға арналған автотұрақты пайдалануға болмайды деген шешім шығарды. Бірақ құжат бойынша жеке көліктерге арналған тұрақ ғана болады.

Басылымға сұхбат берген заңгерлер бұл жағдайда биліктің әрекеті заңды екенін растады, өйткені тұрғын үй ауласы муниципалды меншікке жатады. Тұрғындар бұл тығырықтан шығу үшін жер сатып алуы керек немесе жылжымайтын мүлік нарығынан машианы үйде ұстау құқығы заңмен қорғалған ұсыныстарды қарастыруы керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз