Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2019 21:09 primeminister.kz
Биыл 30 сәуірде көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады.

Биыл мамыр айында жалпы елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көп балалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген, деп хабарлайды Zakon.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 30 сәуірде көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады.

Еліміздің түрлі өңірінен 249 көп балалы отбасы 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күні көптен күткен баспаналарына ие болды.

Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 32 мың көп балалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.

Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттердің іске асырылу барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауына алынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: