Қазақстандықтардың жеке деректері желіге тарап кетті

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2021 21:24 Pixabay
Айта кету керек, жария етілген деректердің басым бөлігі өзектілігін жоғалтты.

"KZ-CERT" Компьютерлік инциеденттерге әрекет ету қызметіне Snake Keylogger зиянды бағдарламасының көмегімен пайдаланушылардың жазбалары жария етілгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Деректерді талдау арқылы түрлі интернет-ресурстарда және танымал сервистерде авторизациялау үшін 131 жұп бірегей логиндер/парольдер байланысы туралы ақпараты бар 28 565 деректер жолы (оның ішінде қайталанатын деректер) анықталды, делінген мемлекеттік техникалық қызметтің (МТҚ) хабарламасында.

Айта кету керек, жария етілген деректердің басым бөлігі өзектілігін жоғалтты, ал кейбір сервистер екі факторлы авторизациядан өту қажет.

Негізінен, Mail.ru, VK.com, Faberlic, Lamoda, Chocofood, Pinterest, Apple ID және т.б. сияқты танымал интернет-сервистердің жеке кабинеттерінің авторизация деректері жария етілген. Сонымен қатар, олардың арасында корпоративтік электрондық жәшіктердің деректері, ломбардтардың қаржылық операцияларды жүргізу үшін пайдаланылатын есептік жазбалары да болды.

Осы деректерді пайдалана отырып, жәбірленушінің банк карталарындағы қаражатқа қол жеткізуге, сондай-ақ зардап шегушінің атына бірнеше қаржы ұйымдарынан кредит алуға болады.

Қаскүнемдер басқа да заңсыз іс-әрекеттере бара алады: бөтен жылжымайтын мүлікпен заңсыз манипуляция жасау, ақша аударымдары, жалған фирмалар ашу, делінген хабарламада.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: