Екібастұздағы үш электр стансасында авария болды

kegoc.kz kegoc.kz
Авариялық төмендетудің жиынтық көлемі 1000 МВт-тан асты.

Екібастұзда үш электр станциясында ірі энергоблоктардың апатты ажыратылуы орын алды, сондай-ақ қазандық апатты түрде тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

14 қазанда бірнеше сағатқа Екібастұз ГРЭС-1 және Екібастұз ГРЭС-2-де қуаты 500 МВт ірі энергия блоктары апатты жағдайда өшірілді. Сондай-ақ, "ЕЭК" АҚ электр станциясында генерация 150 МВт-қа төмендетіліп, қазандық апатты жағдайда тоқтатылды. Осылайша, жоғарыда аталған үш электр станцияларында генерацияны авариялық төмендетудің жиынтық көлемі 1000 МВт-тан асты, дейді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

Компания атап өткендей, қуат тапшылығы жағдайында электр станцияларындағы осы апаттық ажыратулар Ресей энергожүйесімен шекарадағы қуаттың қолайсыз ауытқуларына, жүйелік апат қаупі бар мемлекетаралық электр беру желілерінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі.

Аварияны болдырмау және энергия жүйесіндегі генерацияны төмендету салдарын азайту үшін "KEGOC" АҚ ҚР Энергетика министрлігінің келісімі бойынша өңірлік электр желілік компаниялармен бірлесіп, жоспардан тыс тұтынуды жүзеге асыратын тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелер бойынша енгізілді, делінеді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз