Алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа-райы қандай болады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 20:30 pixabay.com
Құрғақ және жылы ауа-райы орнайды.

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылдың 16-18 қазанына арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауқымды антициклон Қазақстан аумағына өз ықпалын тигізуін жалғастыруда — бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа-райы қалыптасады.

Елдің батыс бөлігінде ғана циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп болжануда.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде болса желдің күшеюі, шаңды дауыл болады деп күтілуде.

Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының негізгі фоны 12....22 жылуды, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13...20 жылулықты, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13....23 жылуды құрайды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: