Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрі-дәрмек алуға өтінішті онлайн беруге болады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 21:04 zakon.kz
Бұйрық 2021 жылғы 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 12 қазандағы бұйрықпен "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды электрондық түрде ұсыну бойынша қызметті алу үшін "Электрондық үкімет" (egov.kz) веб-порталының жеке кабинетіне кіру қажет. ЭЦҚ немесе бір реттік пароль не порталдың есептік жазбасы тіркелген абоненттік нөмірдің көмегімен электрондық форматта өтінім беруге болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтініш берген кезде жеке кабинетте сұраудың қабылданғанын көре аласыз немесе хабарлама арқылы білуге болады.

Мемлекеттік қызметті офлайн алу үшін емханаға жеке куәлікпен жүгінуге немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты алуға болады.

Денсаулық сақтау мекемесіндегі жауапты адам осы емханаға тіркелген-тіркелмегенін тексереді, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіні тексеріп, дәрі-дәрмек беру туралы шешім қабылдайды немесе осы санатқа сәйкес болмаған жағдайда бас тарту құжаттары жасалады.

Дәрі-дәрмектерді алу үшін келесі ақпарат болуы керек:

ЖСН;
Аты-жөні, тегі (бар болса);
Туған күні;
Нозологияның атауы;
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы;
Препараттың халықаралық патенттелмеген атауы;
Препараттың сауда атауы;
Рецепт жазып беру күні;
Рецепт нөмірі;
Рецептіні қамтамасыз ету күні.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Ұсынылған дәрілік заттар, мамандандырылған емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпарат дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі (ДҚАЖ) арқылы өтініш берушінің электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинетіне түседі.

Сұранымды өңдеу сұраным ДҚАЖ-ға келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды денсаулық сақтау ұйымына тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ, портал арқылы жүгінген кезде 3 сағат ішінде шешіледі.

Бұйрық 2021 жылғы 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: