Мемлекет басшысы елшілерді тағайындады
akorda.kz
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы елшілерді тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Президент Жарлығымен:
- Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
- Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
- Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript